Катар Сыртқы істер министрі Ауғанстанға барды

Әл-Санидің бұл сапары Ауғанстанға жоғары деңгейлі жасалған алғаш сапар болды.

1705718
Катар Сыртқы істер министрі Ауғанстанға барды

Талибан уақытша үкіметті жариялағаннан кейін Ауғанстанға жоғары деңгейдегі алғашқы сапарды Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн-Абдуррахман Әл-Сани жасады.

Бұл Талибан уақытша үкіметті жариялағаннан кейін Ауғанстанға жоғары деңгейде жасалған алғаш сапар болды.

Әл-Сани Талибан жариялаған уақытша үкіметтің премьер-министрі Молла Мұхаммед Хасан Ахунд және жаңа кабинет мүшелерімен бас қосты.

Халықаралық қоғамның күн тәртібінде болса Талибан құрған үкіметпен қарым-қатынастар бар.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Талибанның ауқымды және өкілетті бір үкімет міндеттемелерін орындамағанын атап «Франция бұл үкіметті мойындау немесе бұл үкіметпен қарым-қатынас орнатудан бас тартады» деді.

Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайында Түркия мен Катардың техникалық қолдауының арқасында ішкі бағыттағы рейстер қыркүйек айының басынан бастап ұша бастады.

Рейстер саны күн сайын артып келеді. Қазіргі уақытта халықаралық рейстер тек гуманитарлық көмек тасымалдайтын ұшақтармен шектеулі.

Ауған лауазымдылар халықаралық рейстердің ұша бастауы үшін кейбір техникалық ақаулар бар екенін және олардың да қысқа мерзімде шешілетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар