АҚШ Түркия және Катармен бірге жұмыстануда
Джен Псаки: "Талибан үкіметін тану үшін асықпаймыз" деді.
АҚШ "Кабул әуежайының ашық болуы үшін Түркия және Катармен бірге жұмыстанудамыз" деп мәлімдемеді.
Ақ Үйдің өкілі Джен Псаки күндік баспасөз жиналысында АҚШ-тың Ауғанстаннан шегіну процесі және соңғы оқиғаларға байланысты бағаландыру жасады.
Хамид Карзаи Халықаралық әуежайының ашық болуы баршаға пайдалы екенін тілге тиек еткен Джен Псаки:
"Осы жерде ортақтарымыз түрік және катарлықтармен бірге әуежайдың азаматтық тарапын қайта қалыптастыру үшін жұмыстанудамыз. Осылайша тек қана адамдарды сыртқа шығару үшін емес, Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы сияқты жолдармен гуманитарлық жәрдемді жеткізу мүмкін болады" деді.
АҚШ-тың Ауғанстаннан шегіну шешімін қолдаған Джен Псаки эвакуалациялау жайлы Талибанмен кездесулер жалғасатынын айтты.
АҚШ-тың Ауғанстанмен дипломатиялық байланыстар үшін Талибанды танып-танымайтыны сұрағына Джен Псаки:
"Бұл шарт-жағдайларға байланысты, алайда қазір бұл үкіметті тану үшін асықпаймыз" деді.