Франция елшісі Ауғанстаннан қайтады

Эммануэл Макрон: "Қауіпсіздік себепті Ауғанстандағы өкілетті елшіміз Ауғанстанда тұрмайды, жұмыстарды Парижден жүргізеді" деді.

1697964
Франция елшісі Ауғанстаннан қайтады

Франция президенті Эммануэл Макрон елінің Ауғанстандағы өкілетті елшісінің қазірше Ауғанстанда қалмайтынын айтты.

Франция президенті Эммануэл Макрон ресми сапармен барған Ирландияның астанасы Дублинде жасаған мәлімдемесінде Ауғанстанның астанасы Кабулдағы Хамид Карзаи халықаралық әуежайы маңында болған жарылыстан кейін аймақта қауіпсіздік жағдайының нашарлағанын білдірді.

Жағдайға байланысты амеркалық одақтастарымен ынтымақтастық ішінде болғандарын айтқан Макрон елінің Ауғанстандағы өкілетті елшілісін қайтарып алатындарын айтты.

Эммануэл Макрон:

"Қауіпсіздік себепті Ауғанстандағы өкілетті елшіміз Ауғанстанда тұрмайды, жұмыстарды Парижден жүргізеді" деді.

Франция 2 мың 600 кісіні эвакуациялағанын және қолынан келгенді жасағанын айтқан Макрон елге қайтару жұмыстары жалғасатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар