Болгарияда үкімет құру міндеті Социалистік партияға берілді

Болгария Социалистік партиясының лидері Корнелия Ниноваға премьер-министрді ұсыну міндеті берілді.

1698444
Болгарияда үкімет құру міндеті Социалистік партияға берілді

Болгария президенті Румен Радев үкімет құру міндетін 240 мүшелі парламентте 36 орын иелеген Болгария Социалистік партиясына берді. 

Болгария Президенттік сарайында ұйымдастырылған рәсімге қатысқан Болгария Социалистік партиясының лидері Корнелия Ниноваға премьер-министрді ұсыну міндеті берілді.

Елде 11 шілдеде өткен ерте сайлаудан кейін құрылған 47-ші кезекті Парламентте ең үлкен топқа ие Слави Трифонов лидер болған "Осындай бір халық бар" партиясы үкімет құра алмады. 

Артынан бұрынғы премьер-министр Бойко Борисовтың "Болгарияның Еуропалық талпынысы үшін отандастар" партиясы "сенім дауысы үшін қолдау таба алмағаны" сылтауымен міндетті қайтарып берді.

Атазаңға сай парламенттегі 3 саяси күш те кабинет құруда табыссыз болса, президент Радовтың парламетті таратып, ерте сайлау өткізу үшін уақыт белгілеу билігі бар. 



Ұқсас жаңалықтар