АҚШ эвакуациялаған адам саны 105 мыңға жетті

Соңғы 24 сағатта Кабулдағы әуежайдан шамамен 12 мың 500 адам шығарылды.

1698623
АҚШ эвакуациялаған адам саны 105 мыңға жетті

Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі Ауғанстаннан эвакуация басталған 14 тамыз күнінен бері 105 мың адамны елден шығарып алды.

Бұл туралы Ақ Үй мәлімдеді.  Мәлімдемеге қарағанда, Америка Құрама Штаттары соңғы 24 сағатта Кабулдағы әуежайдан шамамен 12 мың 500 адамды алып шықты.

Соңғы 24 сағатта әскери 35 рейспен 8 мың 500, коалицияның  54 рейсімен 4 мың адам эвакуацияланды.

Осылайша АҚш эвакуациялаған адам саны 105 мыңға жетті. Ал шілде айынан бері Ауғанстаннан 110 мың 600 кісі шығарылды.



Ұқсас жаңалықтар