Рафах шекара қақпасы екі жақты ашылады

Газадағы Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ияд әл-Бузум мәлімдеме жасады.

1697532
Рафах шекара қақпасы екі жақты ашылады

Мысыр мен Газа секторы арасындағы Рафах шекара қақпасы бүгін бір бағытқа, ал жексенбі күні болса екі жақты ашылады.

Газадағы Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ияд әл-Бузум жасаған жазбаша мәлімдемесінде шекара қақпасының бүгін Мысырда қалғандардың Газаға кірісі үшін бір бағытта ашылатынын айтты.

Бузум шекара қақпасының жексенбі күні екі жаққа да ашық болатынын мәлімдеді.

Рафах шекара қақпасы мамыр айынан бері алғаш рет 22 тамыз күні екі жаққа жабылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар