АҚШ 95 мыңнан астам адамды алып шықты

Шілде айының аяғынан бері шамамен 101 мың 300 кісі басқа елдерге орналастырылды.

1697926
АҚШ 95 мыңнан астам адамды алып шықты

Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан эвакуация процесі басталған 14 тамыздан бері барлығы 95 мың 700 адамды  шығарып алды.

Ақ Үйден жасалған жазбаша хабарламаға қарағанда, АҚШ соңғы 24 сағатта Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайынан шамамен 13 мың 400 адамды эвакуациялады. Соңғы 24 сағатта әскери 17 ұшақпен 5 мың 100, коалицияның 74 рейсімен 8 мың 300 адам алып шығарылды.

Осылайша Америка Құрама Штаттары эвакуациялаған адам саны 95 мың 700-ге жетті. Шілде айының аяғынан бері шамамен 101 мың 300 кісі басқа елдерге орналастырылды.



Ұқсас жаңалықтар