АҚШ Ауғанстаннан 37 мыңнан астам адамды шетелге шығарды

Кирби бір сұраққа орай Кабулдан мыңдаған Америка азаматын шығарғандарын айтты.

1695975
АҚШ Ауғанстаннан 37 мыңнан астам адамды шетелге шығарды

АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) мәлімдемешісі Джон Кирби Ауғанстаннан азаматтарды шығару процесінде Талибанмен байланыста болғандарын, алайда ортақ барлау жүргізбегендерін айтты.

Джон Кирби министрліктегі баспасөз жиналысында эвакуациялау операциясы басталған 14 тамыздан бері Ауғанстаннан 37 мыңнан астам адам шығарылғанын айтты. Алайда  бұлардан қаншасының қайсы ұлттан екені мәліметін бермеді.

Джон Кирби Ауғанстаннан азаматтарды шығару процесінде Талибанмен жақын байланыста болғандарын білдіріп:

"Алайда Талибанмен ешқандай ортақ барлау жүргізбедік" деді.

АҚШ-тың Кабулда 3 Chinooks тікұшағымен 169 Америка азаматы үшін құтқару операциясын ұйымдастырғаны сұрағына жауап бермеген Кирби кейбір жағдайларда ұқсас операция жасағандарын айтты.

Кирби Кабул Хамид Карзаи әуежайындағы оқиғада қаза тапқан адамның кім екені жайлы толық мәлімет болмағанын білдірді.

Кирби бір сұраққа орай Кабулдан мыңдаған Америка азаматын шығарғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар