Меркель мен Зеленский бас қосты

Меркель Солтүстік Ағым-2 жобасы орыс-неміс емес, Ресей-Еуропа жобасы екеніне назар аударды.

1695384
Меркель мен Зеленский бас қосты

Германия премьер-министрі Ангела Меркель мен Украина президенті Владимир Зеленский кездесу өткізді.

Зеленский Украинаның бас қаласы Киевтегі ортақ баспасөз жиналысында Германияға Украинаның территория тұтастығы мен Донбасс бейбітшіл процесіне қолдау бергені үшін алғыс айтты.

Донбасста тұрақты  атысты тоқтатуды мақсат еткендерін айтқан Зеленский:

"Нормандия төрттігінің саммитін өткізу талабымыз өзгермеді, алайда бұл процесс баяу және Ресейге қысымның жалғасуы керек" деді. 

Владимир Зеленский Солтүстік Ағым-2 табиғи газ құбыр желінісінің экономика тақырыбы емес екенін алға тартып, "Кремльдің қауіпті геосаяси бір қаруы деп ойлаймыз" деді.

Меркель Солтүстік Ағым-2 жобасы орыс-неміс емес, Ресей-Еуропа жобасы екеніне назар аударды.

Украинаның алаңын түсінетіндерін айтқан Меркель:

"Ресей жобаны қару ретінде қолданған жағдайда жаңа санкциялар атқарамыз" деді.

Меркель Украина мен Ресей арасында 2024 жылға дейінгі транзит газ келісімінің ұзартылуы керектігін және бұл тақырыпты Ресейдің бас қаласы Мәскеуге сапарында күн тәртіпке әкелгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар