АҚШ ауғандарды О.Кореяға орналастырады

АҚШ Ауғанстаннан әкелетін ауған азаматтарды Оңтүстік Кореядағы базаларына орналастыруды жоспарлауда.

1695876
АҚШ ауғандарды О.Кореяға орналастырады

Оңтүстік Корея АҚШ-тың еліндегі Америка әскери базаларын Ауғанстаннан әкелетін адамдарды орналастыру үшін қолдануды сұрағанын хабарлады.

Yonhap агенттігінің хабарына қарағанда Сыртқы істер министрі Чунг Юй Ён Сыртқы істер және бірлестіру комитетінің парламенттегі отырыснда сөз сөйледі. 

АҚШ-тың Ауғанстаннан әкелетін ауған азаматтарды Оңтүстік Кореядағы базаларына орналастыруды сұрағанын растаған министр елдегі әскери базаларды босқындар лагері ретінде қолдану үшін үкіметтің мақұлдауы керектігін білдірді.

Сыртқы істер министрі Чунг Юй Ён үкіметтің Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық жасаған ауған азаматтарын паналату үшін жұмыстар жасағанын айтып:

"Осы процеске қатысқан және қолдау берген көптеген ауған бар. Үкімет оларды елімізге аман-есен әкелудің түрліше жолдарын қарастыруда" деді.

Wall Street Journal апта соңындағы санында АҚШ-тың елден шығарған ауғандарды басқа елдердегі базаларға орналастыратынын пайымдаған болатын.

Ауғанстан астанасы Кабулды қоршаған Талибан 15 тамызда президент Ашраф Ғанидың елден кетуінен кейін қаланы қақтығыссыз бақылауға алды. 



Ұқсас жаңалықтар