АҚШ қазірге дейін Кабулдан 17 мың адам эвакуациялады

Генерал-майор Уильям «Хэнк» Тейлор Пентагонда мәлімдеме жасады.

1695111
АҚШ қазірге дейін Кабулдан 17 мың адам эвакуациялады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігі Ауғанстанның бас қаласы Кабулдан 14 тамыз күнінен бері 17 мың адамның эвакуацияланғанын және бұлардың 2 мың 500-інің АҚШ азаматы екенін жариялады.

Хамид Карзаи халықаралық әуежайынан эвакуацияға қатысты Пентагонда мәлімдеме жасаған генерал-майор Уильям «Хэнк» Тейлор қазіргі таңда далада 5 мың 800 АҚШ әскерінің эвакуациялауға көмектесіп жатқанын айтты.

Тейлор шілде айының соңынан бері 22 мың, 14 тамыз күнінен бері болса  2 мың 500 американдық барлығы 17 мың адамды эвакуациялағандарын мәлімдеді.

АҚШ-тағы Джо Байден әкімшілігінің Кабулдан эвакуациялау жұмыстарын тездету үшін американдық жекеменшік әуе компаниялардан көмек сұрауды ойлағаны білдірілді.

The Wall Street Journal газеті Байден әкімшілігінің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1952 жылы құрылған және жекеменшік әуе компаниялардан төтенше жағдайлар кезінде АҚШ Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктерін қолдауды талап ететін азаматтық резервтік әуе флотын да іске қосуды қарастырып жатқанын хабарлады.

Хабарға қарағанда Ақ Үй әкімшілігі Кабулдан эвакуацияланған адамдарды аймақтағы басқа базалардан АҚШ-қа жеткізу мақсатты сауда-саттық 5 әуе компаниядан 20 ұшақ қамтамасыз етуді қарастыруда.

Коммерциялық ұшақтар Кабулға ұшпайды, бірақ эвакуацияланған және АҚШ-тың Катар, Бахрейн және Германиядағы базаларына жеткізілген ауғандықтарды АҚШ-қа жеткізеді.



Ұқсас жаңалықтар