Қаратеңізде аққан мұнай кең жайылды

Ресейдің Қаратеңіз жағасындағы Новороссийск қаласындағы терминалда мұнай аққаны жайлы мәлімет берілді.

1689653
Қаратеңізде аққан мұнай кең жайылды

Ресей Ғылым академиясы (RAN) елдің Қаратеңіз су айдынында болған және 200 текше метр алаңға жайылғаны білдірілген аққан мұнайдың іс жүрінде 80 текше  километр алаңға таралғанын жариялады.

Ресей Ғылым академиясынан (RAN) бір ғалымның дайындаған рапортында 7 тамызда Ресейдің Қаратеңіз жағасындағы Новороссийск қаласындағы терминалда мұнай аққаны жайлы мәлімет берілді.

Мұнайдың терминалдағы Грекия байрағын асқан кемеден аққаны білдірілген рапортта:

"Радар арқылы жасалған зерттеуде мұнаймен кірленудің 80 текше километр алаңға таралғаны және мұның айтылғанынан әлде қайда кең көлемді екені анықталды" деп көрсетілді.

Терминалдың иесі Caspian Pipeline Consortium атты компания оқиға жайлы 8 тамызда жариялаған мәлімдемеде аққан мұнайдың тек қана 200 текше метр алаңға жайылғаны алға тартылды.

Ресей Табиғи байлықтар және Қоршаған орта агенттігінен (Rosprirodnadzor) жасалған мәлімдемеде аққан мұнайдың қоршаған ортаға салған зиянын бағалау жұмыстары басталғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар