"АҚШ, Ұлыбритания мен Израиль тұрақсыздық жаратады"

Шемхани еліне келген Иран Сыртқы істер министрі Фуат Хүсейінмен кездесті.

1689399
"АҚШ, Ұлыбритания мен Израиль тұрақсыздық жаратады"

Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің бас хатшысы Али Шемхани АҚШ, Ұлыбритания және Израильдің аймақта тұрақсыздық жаратқанын айтты.

Иран мемлекеттік арналарындағы хабарға қарағанда,  Шемхани еліне келген Ирак Сыртқы істер министрі Фуат Хүсейінмен кездесті. Тегерандағы кездесуде аймақтағы келіспеушілік пен қауіпсіздік тақырыптары қолға алынды.  Шемхани Америка Құрама Штаттарының аймақтағы болмысының қауіпті екенін, аймақ елдерінің ішкі істеріне араласқанын алға тартты.

«Осы шарттар жалғасатын болса,  аймақтағы келіспеушілік артады. АҚШ, Ұлыбритания және сионистік жүйе (Израиль) аймақта тұрақсыздық жаратып отыр.  Басра шығанағындағы елдер арасында түсініспеушілікке себеп болуда.  Осы қадамдардың артында не жатқанын білеміз, аймақтың тұрақтылығына зиян келтіретін жоспарларды болдырмауға дайынбыз» деді ол.

Шемхани айырықша Иранға қарсы қарулы күрес жүргізген топтардың Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінде шоғырланғанын алға тартып,  Бағдат әкімшілігінен қарулы топтарды шығару үшін мықты қадам басуын сұрады.

Ирактың Сыртқы істер министрі Хүсейін де ел территориясынан Иранның қауіпсіздігіне қауіп төндірген осындай топтармен күрес жүргізетіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар