"Әлемдегі ең кішкентай сәби" Сингапурда дүниеге келді

Сингапурда Квек Ю Сюань атты қыз сәби дүниеге келгенде салмағы 212 грамм және бойы 24 сантиметр ғана болған.

1688273
"Әлемдегі ең кішкентай сәби" Сингапурда дүниеге келді

Сингапурда "Әлемдегі ең кішкентай сәби" болған Квек Ю Сюань атты сәби 13 айлық емдеуден кейін ауруханадан шықты.

BBC-дің хабарына қарағанда Сингапурда Квек Ю Сюань атты қыз сәби дүниеге келгенде салмағы 212 грамм және бойы 24 сантиметр ғана болған.

Ананың екі қабат кезеңі 40 аптаның орнына 25 аптада бір алманың үлкендігіндей ғана дүниеге келген қыз бала 13 айлық емдеуден кейін ауруханадан шығарылды. 

Квек Ю Сюань атты қыз сәбидің шешесі әрі анаға, әрі балаға зиян салатын дәрежеде ауыр қан қысымы ауруы себепті шұғыл операциямен уақытынан ерте босандырылды. 

Сәбидің ауруханадағы емдеуде 6.3 килограм салмаққа жеткені білдірілді.

Әлемдегі ең кішкентай сәби АҚШ-тың Айова университеті тіркеуінде 2018 жылы дүниеге келген 245 грамм салмақтағы қыз бала болатын. 



Ұқсас жаңалықтар