"Климат өзгерісі тездеп және күшейіп келе жатыр"

Климат өзгерісінің «тездеп және күшейіп келе жатқаны» ескертілді.

1688085
"Климат өзгерісі тездеп және күшейіп келе жатыр"

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық панелі (IPCC) өзінің жаңа есебінде климат өзгерісінің «таралып, тездеп және күшейіп бара жатқанын» ескертті.

Климаттың жаңа есебінде жаһандық ысынуға қоса ыстық ауа толқынының артатынын, жылы маусымдардың ұзаратыны, салқын маусымдардың болса қысқаратыны атап көрсетілді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш есепке қатысты мәлімдемесінде елдердің жаңа қазба отын ізденісі мен өндірісін тоқтату керектігін білдірді. Энергияны жаңартылатын ресурстардан қамтамасыз етуге шақырды.

Гутерреш «Органикалық отынды пайдаланудан және ормандардың жойылуынан пайда болатын парниктік газдардың шығарындылары ғаламшарымызды тұншықтырып, миллиардтаған адамдарға қауіп төндіруде» деді.

«Біз күш біріктірсек, климаттық апаттың алдын аламыз» деген Гутерреш «Кешіктіру немесе сылтауға орын жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар