Грекияда өрт сөндіргіш ұшақ құлады

Закинтос аралындағы орман өртін сөндіру жұмыстарына қатысқан «Petzetel» әуе кемесі апатқа ұшырады.

1687693
Грекияда өрт сөндіргіш ұшақ құлады

Грекияның Закинтос аралында өртке оранған орманды сөндіруге шыққан шағын ұшақ апатқа ұшырады, ұшқыш аман қалды.

Грекияның Өрт сөндіру қызметі жасаған мәлімдемеде Кефалония аралынан Закинтостағы орман өртін сөндіру жұмыстарына қолдау мақсатты жіберілген 2 «Петзетель» әуе кемесінің бірінің Лагоподо-Махерадо аймағында апатқа ұшырағаны атап көрсетілді.

Құтылған ұшқышты өрт сөндіру топтарының апат орнынан алып шыққанына назар аударған мәлімдемеде тиісті мекемелер тарапынан апаттың себептері бойынша тергеу басталғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар