АҚШ ауған аудармашыларды да алып кетті

2500 кісі Арнайы Босқын визасы шыққанға дейін Вашингтондағы әскери базада тұрады.

1682898
АҚШ ауған аудармашыларды да алып кетті

Ауғанстандағы Америка Құрама Штаттары жасақтарының ауған тілінен аудармашылары мен көмекшілері отбасыларымен бірге АҚШ-қа кетті.

Аудармашылар және отбасы мүшелерінен тұратын 2500 кісі Арнайы Босқын визасы (SIV) шыққанға дейін Вашингтондағы әскери базада тұрады.

Ауғанстанда 2009 жылдан бері АҚШ үкіметі мен АҚШ жасақтары үшін жұмыс істейтін кісілерге арналған SIV бағдарламасы көші-қон және ықтирхат үшін өтініштердің жылдам аяқталуын қамдайды.

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің деректеріне қарағанда, 2008 жылдан бері шамамен 70 мың ауған осы арнайы виза арқылы АҚШ-қа қоныстанды.

«No One Left Behind» атты ұйымның деректеріне қарағанда, Ауғанстанда АҚШ армиясы және үкіметіне жұмыс істеген 300 шақты ауған аудармасы өлтірілді.

Осы арада АҚШ жасақтарының Ауғанстаннан кеті процесінің 95 пайызының аяқталғаны білдірілді.

Ауғанстанда болса бейбітшілік процесінің тағдыры әлі белгісіз. Қауіпсіздік күштері мен Талибан арасындағы қақтығыстар жалғасып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар