Вакцина салғызу немесе апта сайын тест жасату міндеттемесі келтірілді

Мемлекеттік аурухана қызметкерлерінің вакцина салғызуы шарт.

1682087
Вакцина салғызу немесе апта сайын тест жасату міндеттемесі келтірілді

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатында жұмыс істейтіндерге 6 қыркүйек күніне дейін коронавирус вакцинасын салғызу немесе апта сайын тест жасату міндеттемесі келтірілді.

Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо штат көлемінде шамамен 250 мың қызметкерге ковид оқиғаларының артуының алдын алу мақсатымен вакцина немесе апта сайын тест міндеттемесін келтіруге мәжбүр болғандарын білдірді.

Куомо мемлекеттік ауруханада жұмыс істейтіндердің вакцина салғызудан басқа таңдауы жоқ екенін айтты. Жеке меншік сектордағы басшылардың да қызметкерлері мен тұтынушыларын вакцинаға ынталандыруы керектігін білдірді.

Нью-Йорк мэру Бласио да қаладағы мұғалімдер мен полицияларды да қосқанда муниципалитетке қарасты 340 мың қызметкерге вакцина салғызу немесе апта сайын тест жасау шартын келтіргендерін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар