Ливанда ұлттық аза жарияланды

Бейрут портындағы жарылыстың бірінші жылдығында «ұлттық аза» жарияланды.

1681654
Ливанда ұлттық аза жарияланды

Ливанда Бейрут портындағы жарылыстың бірінші жылдығында 4 тамыз күні «ұлттық аза» жарияланды.

Елдің ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Ливан премьер-министрлігі өткен жылы болған жарылыстың бір жылдығына байланысты жарлық жариялады.

Жарылыс болған күн 4 тамыз күні ұлттық аза жарияланды.  Байрақтар жартылай төмендетіледі, мемлекеттік мекемелер жабылады.

Бейрут портында былтыр жарылғыш материалдар тұрған қоймада жарылыс болып, 190-нан астам адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар