Вакцинаға қарсы шыққан адам вирустан қайтыс болды

АҚШ ауруханасының мәлімдемесінде коронавирусты жұқтырып, ауруханаға жатқандардың көпшілігі вакцина салғызбаған кісілер екені хабарланды.

1679913
Вакцинаға қарсы шыққан адам вирустан қайтыс болды

АҚШ-та 34 жастағы вакцина егуге қарсы шыққан бір адам жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен қайтыс болды.

Стивен Хармон Ковид-19 індетін жұқтырудан бұрын әлеуметтік желіде "99 проблемім бар және вакцина мүлде мұның бірі емес" деп жариялады. 

Стивен Хармон ауруханада емделген кезде оттегі аппаратын қолданған суретін бөлісіп, сауығып кетуі үшін дұға қылуды сұрады. Осы мәлімдемесінен 3 күн өткеннен кейін қайтыс болды.

Стивен Хармон емделген аурухана мәлімдеме жариялады. 

Мәлімдемеде коронавирусты жұқтырып, ауруханаға жатқандардың көпшілігі вакцина салғызбаған кісілер екені хабарланды.  



Ұқсас жаңалықтар