АҚШ Пешмерга күштеріне көлік жәрдемі жасады

АҚШ Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіне қарасты Пешмерга күштеріне әскери көлік жәрдемі жасады.

1680395
АҚШ Пешмерга күштеріне көлік жәрдемі жасады

АҚШ басшылығындағы ДАИШ-ке қарсы күрес коалициясы Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіне қарасты Пешмерга күштеріне әскери көлік жәрдемі жасады.

Коалиция күштері Эрбильде өткізілген тапсыру рәсімінде Пешмерга министрлігіне 70-ке жуық жаңа техника жеткізді.

Салтанатты рәсімге қойылған көліктер арасында Humvee типті бронды машиналар, танкерлер мен әскери жүк көліктері байқалды.

Аталмыш жәрдемнің Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казимидің «террор ұйымы ДАИШ-пен күрес үшін АҚШ-тық әскерлердің Иракта болмысына енді қажеттілік қалмағаны» жөніндегі мәлімдемесінің артынан жасалуы назар аударды.

АҚШ президенті Джо Байденмен бас қосу үшін Вашингтонға барған Казими кеше АҚШ-тық әскерлердің Ирактағы болмысы туралы мәлімдеме жасаған еді.

Казими Ирак қауіпсіздік күштері мен армиясының елді АҚШ басшылығындағы коалиция әскерлері болмаса да, қорғай алатын жағдайда екенін атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар