Ирактағы АҚШ базасына дрон шабуылы

Коалиция мәлімдемешісі полковник Уэйн Маротто шабуыл туралы мәлімдеме жасады.

1679496
Ирактағы АҚШ базасына дрон шабуылы

Ирактың Эрбиль қаласына қарасты Харир ауданы маңында АҚШ бастаған ДАИШ-ке қарсы күрес коалициясы базасына кеше азанғы уақытта дрон шабуылы жасалды.

Коалиция мәлімдемешісі полковник Уэйн Маротто кеше жергілікті уақытпен азанғы 01:23-те Ирак Күрд аймақтық үкіметіндегі коалиция күштері орналасқан базаға дронмен шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеші Маротто шабуыл кезінде материалдық шығын немесе адам шығыны болмағанын білдірді.

Хабарда аталмыш шабуылдың Эрбильдегі Харир ауданы маңында жасалғаны атап көрсетілді.

Шабуылдың Ирактағы АҚШ әскерлерінің елден кері шегінуі қолға алынатын, АҚШ пен Ирак арасындағы «4-ші стратегиялық келіссөздер» кезінде жасалуы назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар