Зеленский АҚШ-қа барады
Зеленский 30 тамызда Америка Құрама Штаттарына барады.
Украина президенті Владимир Зеленский 30 тамызда Америка Құрама Штаттарына барады.
АҚШ Ақ Үй баспасөз мәлімдемешісі Джен Псаки жазбаша хабарлама жариялады. Ол президент Джо Байденнің Зеленскийді Ақ Үйде қонақ қылатынын айтып: «Осы сапар Ресейдің Донбасс және Қырымда жалғасып жатқан агрессиясы алдында Америка Құрама Штаттарының Украинаның егемендігі және территория тұтастығына қолдауын қайталайды» деді.
Айырықша кездесу барысында энергия қауіпсіздігі тақырыбында екі ел арасындағы жақын ынтымақтастық қолға алынады. Зеленскийдің жемқорлықпен күрес және ортақ демократиялық құндылықтарға сүйенетін реформа істеріне қолдау бағаландырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Блинкен Газадағы атыстың тоқтатылуы керектігін айтты
Энтони Блинкен Газада 7 қазаннан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтату керектігін мәлімдеді.
Кенияда су бөгеті құлап 42 адам қаза тапты
Кенияда «Old Kijabe» су бөгетінің құлауы салдарынан 42 адам қаза тапты.