Бағдаттағы жарылыста 30 кісі қаза тапты

Құрбан айттың ғарасында адам өте көп барған базарда болған жарылыста 30 кісінің қаза тапқаны, 60 кісінің жараланғаны білдірілді.

1677615
Бағдаттағы жарылыста 30 кісі қаза тапты

Ирактың бас қаласы Бағдатта бір халық базарында болған жарылыста 30 кісінің қаза тапқаны, 60 кісінің жараланғаны хабарланды.

Үкіметке қарасты денсаулық саласының хабарына қарағанда Бағдаттың шығысындағы Садр аймағындағы Әл-Вахилат халық базарында жарылыс болған. 

Құрбан айттың ғарасында адам өте көп барған базарда болған жарылыста 30 кісінің қаза тапқаны, 60 кісінің жараланғаны білдірілді. Қаза болғандар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Жарылысты ешкім мойнына алмады. Оқиға жайлы тергеу басталды.

Қорғаныс министрлігіне қарасты қауіпсіздік медиа орталығы жарылыстың террорлық лаңкестік екенін жариялады. 



Ұқсас жаңалықтар