Жапониядағы көшкінде қаза болғандардың саны 10-ға жетті

Апат салдарынан кем дегенде 130 үй құлады.

1673903
Жапониядағы көшкінде қаза болғандардың саны 10-ға жетті

Жапонияның орталық бөлігіндегі Атами қаласында 3 шілдеде болған көшкін салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты. Апат салдарынан кем дегенде 130 үй құлады. 

Қала басшылары іздеу  құтқару жұмастары барысында тағы бір адамның мәйітінің табылғанын, осылайша құрбандар санының 10-ға ұласқанын мәлімдеді. 

Құтқарушылар екі апта бойы көшкін орнындағы үйінділерді тазалауды жалғастыруда. 18 адам із-түзсіз жоғалып кетті. 

Көшкін Жапонияның орталық және шығыс аймақтарында бірнеше күнге созылған нөсер жаңбырдың салдарынан болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар