Түрік қарулы пилотсыз әуе көліктері француз баспасөзінде

Француз Le Figaro газеті «Түрік сыртқы саясатының қызметінде технология» тақырыпты жаңалық жазды.

1672967
Түрік қарулы пилотсыз әуе көліктері француз баспасөзінде

Француз Le Figaro газеті Түркияның тек қана 15 жылда әлемнің алдынғы қатарлы қарулы пилотсыз әуе көліктері өндірушілерінің біріне айналғанын жазды.

Францияның қару өндіретін ірі компанияларының бірі Dassault-ға тиесілі Le Figaro газеті түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерін арнайы жаңалық ретінде тақырып қылды.

«Түрік сыртқы саясатының қызметінде бір технология» тақырыпты жаңалықта Ливияда 2020 жылдың көктемінде Халифа Хафтарды жақтайтын күштер мен Ливия үкіметі арасындағы қақтығыста STM компаниясы өндірген 2 дана «Kargu-2» атты суицидтік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің маңызды рөл атқарғанына назар аударылды. Хабарда «Небәрі 15 жыл ішінде ел американдық, израильдік және қытайлық модельдермен бәсекелесуге деген ниетпен әлемнің негізгі өндірушілері қатарынан орын алды» делінді.

Жаңалықтарда «Каргу», «Байрактар», «Анка», «Карайель», «Алпагу» атты түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің тиімді ғана емес, сонымен бірге қол жетімді екендігі де айтылды.

Түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің 2016 жылдан бастап шекарадан тыс операцияларда қолданыла бастағаны жазылған хабарда «Барған сайын тиімді түрік қарулы пилотсыз әуе көліктері Ливияда ғана емес, Таулы Қарабахта да күштер теңгерімін өзгертті» делінді.

Хабарда түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің одан көп сатылғанына назар аударылып Әзербайжан, Катар, Украина, Тунис және НАТО елі Польшаның олардан сатып алғанына, Латвия, Венгрия және Албанияға қоса басқа да елдердің түрік қарулы пилотсыз әуе көліктеріне қызығушылық танытқанына назар аударылады.



Ұқсас жаңалықтар