Иракта базаға зымыран атылды

Ирактағы Айн әл-Асад базасына 3 зымыран шабуылы ұйымдастырылды.

1670271
Иракта базаға зымыран атылды

АҚШ әскерлері де орналасқан Ирактағы Айн әл-Асад базасына зымыран шабуылы жасалды.

АҚШ басшылығындағы ДАИШ-қа қарсы коалицияның мәлімдемешісі Полковник Уэйн Маротто әлеуметтік желіден жариялаған мәлімдемесінде:

"Ирактағы Айн әл-Асад базасына жергілікті сағат 14:45-те 3 зымыран шабуылы ұйымдастырылды. Зымырандар базаның маңына түсті. Жаралы және шығын болған жоқ" деді.

Уэйн Маротто зымыран шабуылды кімнің жасағаны жайлы және шабуылға жауап беріліп-берілмейтініне байланысты мәлімет бермеді.



Ұқсас жаңалықтар