Ресейде спортшы-парашютистер мінген ұшақ апатқа ұшырады
Апатта араларында 2 ұшқыш та бар барлығы 4 адам қаза тапты.
Ресейдің Сібір аймағындағы Кемеровода бір ұшақтың ұшу-қону жолағына қатты қонуы салдарынан болған апатта 4 адам қаза тапты.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Кемерово облысында (Кузбасс) спортшы-парашютистері бар «Л-410» маркалы жеңіл моторлы ұшақ ұшып бара жатқанда оның бір қозғалтқышы істен шыққан.
Экипаж Танай әуежайына қайтарған ұшақ қатты қонудың нәтижесінде сол қанатына құлады.
Кемерово губернаторлығы 19 адам мінген ұшақта араларында 2 ұшқыш та бар барлығы 4 адамның қаза тапқаны, төртеуі ауыр күйде 15 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.
Ұшақтың Ресейдегі Армия және әскери әуе-теңіз күштеріне ерікті жәрдем қоғамына тиесілі екені айтылып, оқиғаға байланысты тергеу басталды.
Қоғам алғашқы мәлімдемесінде апатта 9 адамның қаза тапқанын жариялаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.