Хаменей шетелдік баспасөздерін сынға тартты

Али Хаменей шетел баспасөздерінің Иран сайлауымен қатысты таралымдарын сынға тартты.

1659663
Хаменей шетелдік баспасөздерін сынға тартты

Иранның діни көсемі Али Хаменей Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және оның бақылауындағы баспасөздердің Ирандағы сайлаудың заңдылығын тергеу үшін көп пропаганда жасағанын айтты. 

Хаменей ертең өткізілетін 13-ші президенттік сайлаумен байланысты мәлімдеме жасап, шетел баспасөздердің Иран сайлауымен қатысты таралымдарды сынға тартты. 

Халықтың ертең сайлауға қатысып, мемлекеттің тағдырын белгілейтінін түсіндірген Хаменей "Халық сайлауға қатысады және режимнің абыройын көтереді. Барлық адам сайлауға қатысуы керек" деді. 

Иранға дұшпандық жасаған күштердің сайлауға қарсы арнайы таралым жасағанын баяндаған Хаменей "Қарсы пропагандалар сайлаудан бұрын басталды. Әлемде ешбір елдің сайлауы мұнша көп шабуылға душар болған жоқ. АҚШ, Ұлыбритания және оның бақылауындағы баспасөздер сайлаудың заңдылығын тергеу үшін қатты атсалысуда. Ирандағы сайлауды қаралау үшін көп қаржы жұмсауда. Бұлардың мақсаты сайлауға бұзақылық жасау және халықты режимнен бас тартқызу" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар