Палестина ұлттық кеңесі БҰҰ-на үндеу тастады

Палестина ұлттық кеңесі халықаралық ұйым және Біріккен Ұлттар Ұйымына ұшқары оңшыл еврей ұйымдарының ереуілдерін тосуы жайлы үндеу тастады.

1658342
Палестина ұлттық кеңесі БҰҰ-на үндеу тастады

Палестина ұлттық кеңесі халықаралық ұйым және Біріккен Ұлттар Ұйымына ұшқары оңшыл еврей ұйымдарының ереуілдерін тосуы жайлы үндеу тастады. Үндеуде бүгін ұшқары еврей ұйымдарының  Иерусалимде "байрақ шеруі" атты ереуіл өткізуді жоспарлағаны және  БҰҰ-ның  бұған кедергі жасау керектігі баяндалды. 

Палестинаны азат ету ұйымы тармағы астындағы кеңес Йорданияның астанасы Амман қаласындағы офисінен жазбаша мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде "Израильдіктер шеру ұйымдастыруды жоспарлауда. Олар Иерусалимдегі Палестина халқына және Ислам дінінің қасиетті мекендеріне шабуыл жасауға үндеу тастады" делінді. 

Кеңестің мәлімдемесінде ереуілдер себеп болған оқиғаларға Израиль үкіметінің жауапты екені білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар