"Орыс әскерлерінің тек 11 мыңы кетті"

Зеленский Трюдомен сөйлесті.

1654711
"Орыс әскерлерінің тек 11 мыңы кетті"

Украина президенті Владимир Зеленский шекарадағы 105 мың орыс әскерінің тек 11 мыңының кеткенін айтты.

Зеленский Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен телефонда сөйлесті. Зеленский мен Трюдо телефондағы әңгімесінде G7 және НАТО саммиті қарсаңында көзқарас алмасты.

Украина президенті Канада премьер-министріне Донбастағы жағдайға байланысты мәлімет берді, Украина шекарасынан кеткен орыс әскерлерінің санының жеткіліксіз екенін айтты. «105 мың орыс әскерінің тек 11 мыңы кетті» деді ол. Зеленский бейбіт шешім үшін Ресейге халықаралық қысым жасалуының маңызына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар