Пәкістанда екі пойыз соқтығысып, 38 адам мерт болды

Лауазым иелері іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасқанын айтты.

1652912
Пәкістанда екі пойыз соқтығысып, 38 адам мерт болды

Пәкістанның Синд провинциясының Готки қаласы маңында екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан кемінде 38 адам көз жұмды, 64 адам жарақат алды. 

Лауазым иелері Готки қаласы маңында кетіп бара жатқан пойыздардың бірі рельстен шығып кетіп, кейіннен екінші жолаушылар пойызына соқтығысқанын білдірді.

Пойыз апатында алғашқы белгілеуге қарағанда 38 адамның көз жұмғанын және 64 адамның жарақат алғанын мәлімдеген лауазым иелері іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасқанын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар