Германияда бетперде жанжалы

Германия Денсаулық сақтау министрлігінің 1 миллиард евролық сапасыз бетперде сатып алғаны алға тартылды.

1653133
Германияда бетперде жанжалы

Германияда өткен жылы сатып алынған сапасы төмен бетперделерді баспанасыз адамдар мен мүгедектерге таратудың жоспарланғаны алға тартылды.

Der Spiegel жариялаған хабарға қарағанда Германия Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылы құны 1 миллиард евро тұратын сапасыз бетперде сатып алды.

«Температураға төзімділік сынағынан» өткізілмеген бетперделердің қолдануға жарамсыз екені, бұған қарамастан қарияларға, мүгедектерге және табысы жоқ адамдарға таратудың жоспарланғанын алға тартты.

Осылайша 1 миллиард евролық зиянның алдын-алуға тырысылғаны атап көрсетілді.

Хабарда Денсаулық сақтау министрлігінің аталмыш маскаларды тарату үшін Еңбек министрлігінің келісімін сұрағаны, бірақ келісім берілмегеніне назар аударылды.

Айыптаулардың артынан наразылықтар кешікпеді.

Социал-демократиялық партиядан Ларс Клингбейл «Бұл адамгершілікке жатпайтын бір іс-шара» деді.

Сол партиядан Анжелика Глокнер болса Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпанның эпидемия кезінде көптеген қателіктер жібергенін атап, «Шпан мұны жасыруға тырысады. Мүгедектер нашар шешімдер жүзеге асырылатын сынақ жануары емес» деді.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл қауесеттерді теріске шығарды.

Мәлімдемеде «федералды үкіметтің аталмыш бетперделерді жоюға қатысты кез-келген бір шешім қабылдамағаны» атап өтілді.

Айыптаулар мен жаңалықтардың қайнары белгісіз деп хабарланды. Мәлімдемеде бетперделердің сапасына үлкен көңіл бөлінгені баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар