Ауғанстанда Талибан екі ауданды басып алды

Гор және Урузган уәлаяттарында екі аудан Талибанның билігіне өтті.

1653175
Ауғанстанда Талибан екі ауданды басып алды

Ауғанстанның Гор және Урузган уәлаяттарында екі аудан Талибанның билігіне өтті.

Гор әкімі Абдул Захир Фаиззаде сарбаздардың Гордың Шахрек ауданына шабуылдағанын білдірді. Шабуыл нәтижесінде қауіпсіздік күштері аудан орталығынан шегінді. Осылайша аудан орталығы Талибанның қолына өтті.

Фаиззаде аудан орталығын қайта алу үшін операция жасалатынын айтты.

Сонымен қатар Урузган әкімлішінің баспасөз хатшысы Өмер Ширзад та Талибанның Гизаб ауданына шабуылдағанын,  аудан орталығының Талибан сарбаздарының қолына өткенін білдірді.

Талибан Гизаб ауданында 65 қауіпсіздік қызметкерінің өздеріне берілгенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар