Колумбияда ауқымды шеруге шақыру

Қазірге дейін ереуілдерде 48 адам қаза тапты.

1651913
Колумбияда ауқымды шеруге шақыру

Колумбияда 28 сәуір күнінен бері үкіметке қарсы шерулер ұйымдастырған Ұлттық Ереуіл комитеті 9 маусым күні ел көлемінде ауқымды шеру үшін шақыру тастады.

Үкімет өкілдерімен келіссөздерден нәтиже ала алмаған комитет 9 маусым күні көптеген қалада үкіметке қарсы наразылық білдіретіндерін хабарлады.

Үкімет демонстранттармен келісу үшін алдымен жолда құрылған баррикада және қоршаулардың алынып тасталуын талап етіп отыр.  Комитет болса елдің түрлі қалаларында жол жабу ереуілдерінің 90 пайызының тоқтағанын білдірді.

Колумбия Омбудсман кеңсесінің соңғы есебіне қарағанда қазірге дейін ереуілдерде 48 адам қаза тапты.  Екі мыңнан астам адам жарақат алды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар