Америкада мешіт саны артқан
Мешіт саны он жылда 31% артты.
1651340
Америка Құрама Штаттарындағы мешіт саны он жылда 31% артты.
Америка Құрама Штаттарында Әлеуметтік саясат және түсінік институты «Америка мешіттері 2020: Өсім мен даму» атты есеп жариялады. Осыған қарағанда, 2010 жылы 2 мың 106 болған мешіт саны 2020 жылы 31% артып, 2 мың 769 болған.
Есепте мешіт санының артуы АҚШ-тағы мұсылман санының артуымен байланыстырылды. Ең көп мешіт Нью-Йоркта. Нью-Йоркта 275 мешіт бар. Жұма намазына келген мұсылмандардың саны соңғы он жылда 16%артқан.
Деректерге қарағанда соңғы он жылда Америка Құрама Штаттарында Ислам дінін қабылдаған Африка тектілердің саны 64 пайыздан 57 пайызға азайған. Ал латын қоғамында Исламды қабылдағандар мөлшері 12 пайыздан 15 пайызға артқан.