Террорлық ұйым шерушілерге оқ жаудырды

Кемінде сегіз адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды.

1650088
Террорлық ұйым шерушілерге оқ жаудырды

Сирияның Манбидж қаласында бейбіт азаматтарды «күштеп әскерге алуға» қарсы шыққан азаматтар шеру ұйымдастырды. Осы шеру барысында террорлық ұйым YPG/PKK азаматтарға оқ жаудырды.  Екі күнде кемінде сегіз адам қаза тапты.  27 адам жарақат алды.

Евфрат өзенінің батыс жағасындағы Манбидждің аудан орталығы мен төңірегіндегі халықтың шерулері террорлық ұйым күштеген «көшеге шығуға тыйымға» қарамастан артып отыр. Шерулерге кедергі болуға тырысқан террорлық ұйым халыққа оқ жаудырды. Шерушілер «күштеп әскерге алудың» тоқтатылуын және шерушілерге оқ атқан террористтердің жазаландырылуын талап етеді.

Террорлық ұйым YPG/PKK-лық террористтер соңғы екі күнде шеруге қатысқан көптеген адамды да ұстап алды.



Ұқсас жаңалықтар