Малайзияда метро апаты

Куала-Лумпур метросында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 6-сы ауыр күйде, барлығы 213 адам жарақат алды.

1645148
Малайзияда метро апаты

Малайзияның бас қаласы Куала-Лумпурдағы метро желісінде екі пойыздың соқтығысуы салдарынан болған апатта жарақат алған 213 адамның 6-сының жағдайының ауыр екені білдірілді.

Федералды аймақтар министрі Аннуар Муса әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемеде кешегі апаттан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы ақпар берді.

Жаралылардың 6-сының ауыр күйде екенін айтқан Аннуар осылардың үшеуінің реанимация бөлімшесінде тыныс алдыру аппараттарына қосылғанын хабарлады.

Аннуар 15 адамның өмір қатерінен аман қалғанын, жараланған 43 жаралының жағдайының жақсы екенін және ауруханада емдеудің жалғасқанын мәлімдеді.

Қатынас министрлігі жол апатында зардап шеккен жолаушылардың әрбіріне 1000 малайзия ринггиті (241,25 АҚШ доллары) қолма-қол ақшалай жәрдем жасалатынын жариялады.

Куала-Лумпурдағы негізгі метро желісінде жолаушылар тасымалдайтын жүргізушісіз пойыз келе жатқан бос пойызбен соқтығысып, апат салдарынан 213 жолаушы жарақат алған еді.

Көлік министрлігі соқтығысуға байланыс ақаулығының себеп болғанын мәлімдесе, полиция апаттың артынан тергеу бастады.



Ұқсас жаңалықтар