ЕО 1,8 миллиард доза вакцинаға келісті

Бұл туралы Ляйен хабарлады.

1642625
ЕО 1,8 миллиард доза вакцинаға келісті

Еуропа Одағы Германиядағы BioNTech-Pfizer компаниясымен коронавирус вакцинасының 1,8 миллиард дозасын алуға келісім жасады.

ЕО комиссиясы төрайымы Урсула фон деп Ляйен коронавирус вакцинасын алу үшін аталмыш компаниямен үшінші рет келісім жасалғанын хабарлады.

Жаңа келісім шеңберінде BioNTech-Pfizer компаниясының Еуропа Одағына 2023 жылға дейін барлығы 1,8 миллиард доза қосымша вакцина қамдайтынын білдірген Ляйен вакциналардың эпидемия және вирустың жаңа түрлерімен күреске үлес қосатынын айтты.

Фон дер Ляйен Еуропа Одағының ұзын мерзімде басқа компаниялармен де осындай келісім жасауы мүмкін екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар