Израиль шабуылдары Вашингтонда протест етілді

АҚШ астанасы Вашингтонда жиналған мыңдаған адам Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына наразылық көрсетті.

1640018
Израиль шабуылдары Вашингтонда протест етілді

Израильдің Шығыс Иерусалим және Газа секторындағы шабуылдары Канада және АҚШ-та протест етілді.

Канаданың Торонто қаласында Израильдің қанды қырғынын протест ету мақсатымен оң мыңдаған адам көшеге шығып, шеру жасады. 

Шерушілер "Палестинаға еркіндік", "Палестиналықтарды құтқарыңдар", "Палестина, Иерусалим және Газа еркін болады" деген ұран салды. 

Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда кеше мыңдаған адам бас қосып, Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына наразылык көрсетті. Палестинаға қолдау көрсету және Израильге наразылық мақсатымен жиналған адамдар Вашингтон ескерткішінен Конгресс ғимаратына қарай шеру жасады. 

Қала орталығындағы Вашингтон ескерткіші алдында жиналған және қолдарына Палестина байрақтарын ұстаған мыңдаған адам "Палестинаға еркіндік" деген ұран салды. 

Мөлшермен үш сағат жалғасқан шеру оқиғасыз аяқталды. 

 



Ұқсас жаңалықтар