Израиль шабуылдарында қаза тапқандар саны 53-ке жетті
Жастар полицияға таспен жауап берді.
Израиль полициясы Әл-Ақса мешітінде таңғы намаздан кейін тағы бір рет палестиналық жастарға шабуылдады.
Иерусалим Ислами фондтар басқармасының бір лауазым иесі палестиналық жастардың таң намазынан кейін жиналғанын білдірді. Израиль полициясы тәкбір және ұран салған жастарға пластикалық оқтармен килікті. Палестиналықтар да тас лақтырды. Лауазым иесі Шығыс Иерусалимнің Ескі қала аймағындағы оқиғалардың өте көлемді еместігін, кейбір жастардың жарақат алғанын айтты.
Әл-Ақса мешітіндегі Израиль полициясы мен палестиналықтар арасындағы қақтығыс әлі жалғасып жатыр.
Бірнеше күннен бері Израиль шабуылдарында 53 палестиналық азамат қаза тапты, 200-ден астам адам жарақат алды.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.