Израиль күштері 2 палестиналықты атып өлтірді
Израиль күштері Батыс Шерияға қарулы шабуыл жасады деген сылтаумен 2 палестиналықты атып өлтірді.
Израиль күштері жаулау астындағы Батыс Шерияға қарулы шабуыл жасады деген сылтаумен 2 палестиналықты атып өлтірді. Оқиғада бір палестиналық жарақат алды.
Израиль полиция басқармасынан жасалған мәлімдемеде 3 палестиналықтың Батыс Шерияның Дженин қаласы маңындағы шекара полициясына тиесілі бір базаға оқ жаудырғаны білдірілді.
Мәлімдемеде оқ атқандардың "залалсыздандырылғаны" баяндалса, Израиль баспасөзі шыққан қақтығыста 2 палестиналықтың қаза тапқанын, бір палестиналықтың ауыр жарақат алғанын жеткізді.
Жарақат алған палестиналық Израильдегі ауруханаға апарылды. Палестина тарапы оқиғаға байланысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль соғысты жалғастырудың жаңа жоспарларын мақұлдады
Бұл туралы Израиль армиясы баспасөз хатшысының мәлімдемесінде айтылды.