Үлкен-7 елдері ынтымақтастықты бекемдейді
Технология алпауыттарына байланысты алаңдауларға Үлкен-7 елдері арасындағы ынтмақтастықты бекемдеу арқылы күшті жауап беру жоспарланғаны білдірілді.
Экономика алпауыты елдердің (Үлкен-7) технология министрлері жаһандық онлайн қауіпсіздікті арттыру тақырыбындағы ынтымақтастық үшін ортақ құжатқа қол қойды.
Ағылшын үкіметінен жасалған мәлімдемеде Үлкен-7 елдерінің технология министрлері 11-13 маусымда Ұлыбританияның Корнуолл қаласында ұйымдастырылатын 47-ші кезекті Үлкен-7 саммиті алдында жаһандық онлайн қауіпсіздікті арттыру тақырыбындағы ынтымақтастық үшін ортақ құжатқа қол қойғаны білдірілді.
Мәлімдемеде аталмыш құжат арқылы Үлкен-7 елдерінің онлайн қауіпсіздікті арттыру тақырыбындағы жаһандық қиыншылықтарды жеңу үшін бірқатар ортақ ереже белгіленгені жарияланды.
Онлайн компаниялардың балаларды қорғауды басты орынға қоюы және зиянды іс-шараларды азайтуы үшін қажетті жүйелерді атқаруы керектігі білдірілген мәлімдемеде ортақ құжатта жаһандық саудадағы тіркеу жұмыстарының қағазды негіз етуден шығып, сандық форматқа көшуі үшін жол картасы жобаланғаны да хабарланды.
Мәлімдемеде технология алпауыттарына байланысты алаңдауларға Үлкен-7 елдері арасындағы ынтмақтастықты бекемдеу арқылы күшті жауап беру жоспарланғаны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.