"Ливияда жалпыхалықтық референдум міндетті"

Ливия Мемлекеттік Жоғарғы Кеңес төрағасы Халид әл-Мишри мәлімдеме жасады.

1630614
"Ливияда жалпыхалықтық референдум міндетті"

Ливия Мемлекеттік Жоғарғы Кеңес төрағасы Халид әл-Мишри конституция үшін референдум міндетті екенін мәлімдеді.

Кеңестің баспасөз қызметі жасаған мәлімдемеге қарағанда Халид әл-Мишри Италияның Ливиядағы елшісі Джузеппе Буччино Грималдимен бас қала Триполидегі кеңестің штаб-пәтерінде бас қосты.

Мишри бас қосуда конституция үшін жалпыхалықтық референдумның міндетті екенін, мұның сондай-ақ елде жаңа бір диктатордың пайда болмауын қамтамасыз етуші символдық мәні бар екенін баса айтты.

Ливия-Италия қарым-қатынастарының маңызына тоқталған Мишри барлық экономикалық салаларда ынтымақтастықты жетілдіру керектігіне назар аударып, Халықаралық Триполи әуежайы мен елдің шығысы мен батысын байланыстыратын трассаны салуда жұмысы тоқтаған итальяндық компаниялардың қайта жұмысын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар