АҚШ әскерлері Ауғанстаннан шегінуде

Скотт Миллер баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шетел күштерінің барлық базалары ауған күштеріне тапсырылатынын хабарлады.

1628084
АҚШ әскерлері Ауғанстаннан шегінуде

Ауғанстандағы НАТО мен АҚШ әскерлерінің қолбасшысы Скотт Миллер Ауғанстандағы шетелдік базалардың босатыла бастағанын айтты.

Скотт Миллер баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шетел күштерінің барлық базалары ауған күштеріне тапсырылатынын хабарлады.

Ауғанстандағы кейбір базалардың босатыла бастағанын айтқан Миллер шетел күштері шегінгеннен кейін де ауған күштеріне қолдаудың жалғасатынын білдірді.

Миллер ел көлемінде Талибанның күш қолдануы артқанын айтты.

Қақтығыстың артуы бейбітшілік процесіне ықпал жасағанын білдірген Миллер шетел жасақтары шегінгеннен кейін қақтығыстар артатын болса, бұл бүкіл аймақ үшін қауіпті екенін тілге тиек етті.

АҚШ Орталық Күштер Қолбасшылығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде жабдықтар шегіндіріле бастағаны, екі соғыс ұшағының Ауғанстаннан шегіну операциясын қорғау мақсатымен аймаққа орналастырылғаны білдірілген еді.

АҚШ президенті Джо Байден 1 мамырдан бастап 11 қыркүйекке дейін Ауғанстандағы АҚШ әскерлерінің шегініп болатынын жариялаған.  



Ұқсас жаңалықтар