АҚШ-тың Ресейдегі елшісі еліне оралды

АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливан консультация алу үшін өз еліне кетті.

1626447
АҚШ-тың Ресейдегі елшісі еліне оралды

Орыс ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша Салливан азанғы уақытта Мәскеудің Шереметьево әуежайынан Вашингтонға қайтты.

АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинге қатысты «қанды қол» деп айыптап, АҚШ-тағы сайлау процесіне араласқаны себепті «бедел өтейтінін» мәлімдеген болатын.

Артынан 17 наурыз күні Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антоновты консультацияға Мәскеуге шақырды.

Кремльдің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаков 16 сәуірде АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Салливанға «консультация үшін Вашингтонға оралуға» ұсыныс жасаған еді.

АҚШ тарапы 19 сәуірде Салливан бұл аптада консультация үшін АҚШ-қа қайтатынын, кейін қайтып Мәскеуге оралатынын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар