Ауғанстандағы шабуылда 8 полиция қаза тапты

Назари шабуылда 8 полицияның қаза тапқанын, 2 полицияның жарақат алғанын айтты.

1624912
Ауғанстандағы шабуылда 8 полиция қаза тапты

Талибан сарбаздары Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан уәлаятындағы полиция басқармасына шабуыл жасады. Қарулы шабуылда 8 полиция қаза тапты. 

Бадахшан уәлаяты губернаторы Наджи Назари сарбаздардың Бадахшанның Зибан ауданына қарасты Риг елді мекеніндегі полиция басқармасына қарулы шабуыл жасағанын айтты. 

Шабуылда 8 полицияның қаза тапқанын, 2 полицияның жарақат алғанын түсіндірген Назари шабуылдан кейін болған қақтығыстарда сарбаздардың да залалсыздандырылғанын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар