АҚШ-та вакцина 16 жастан жоғары егіліп жатыр

АҚШ президенті Джо Байден белгілеген уақыт бойынша Ковид-19 вакцинасы 16 жас пен одан үлкен барлық азаматтарға 19 сәуірден бастап егілуде.

1624373
АҚШ-та вакцина 16 жастан жоғары егіліп жатыр

АҚШ-та жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасын егу ел көлемінде 16 жас пен одан үлкендерге кеңейтілді. 

Ковид-19 вакцинасы елдегі Гавайи, Массачусетс, Нью-Джерси, Орегон, Род-Айленд және Вермонт штаттарында АҚШ президенті Джо Байден белгілеген уақыт бойынша 16 жас пен одан үлкен барлық азаматтарға 19 сәуірден бастап егіледі. 

АҚШ президенті Джо Байден 6 сәуірдегі мәлімдемесінде 1 мамырда егіледі деп белгіленген вакцина уақытын 19 сәуірге өзгерткенін хабарлады.

АҚШ Азық-түлік және дәрі басқармасы қолдануға мақұлданған Pfizer/BioNTech вакцинасын 16 жастан үлкендерге, Moderna вакцинасы 18 жастан үлкендерге тұрған аймақтарындағы денсаулық сақтау орталықтарында ектіруіне болады.    



Ұқсас жаңалықтар