Мьянмада әскерлер мешітті тонады
Демонстранттарға оқ жаудырып, екі адам қаза тапты.
Мьянмада әскери төңкеріс арқылы сайланған үкіметті құлатқан армия Мандалай қаласында екі демонстрантты өлтірді. Сонымен бірге бір мешітте жиналған көмек ақшаларын тәркіледі.
«Мьянма Now» интернет парақшасында жарияланған хабарға қарағанда, Мьянма армиясы кеше Мандалай қаласына қарасты бір ауданда төңкеріске наразылық білдірген бір топ мемлекеттік қызметкерді қамауға алуға тырысты. Демонстранттар тарқамаған соң армия адамдарға оқ жаудырды, екі адам қаза тапты.
Әскерлер сол күні бір мешітке басқын жасап, жамағаттан жиналған ақшаны тартып алды.
Соңғы деректермен төңкерістен бері қауіпсіздік күштерінің қарулы килігуімен өлтірілген азаматтар саны 716-ға жетті.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.