Ресей Қаратеңізге 15 әскери кеме жолдады

Каспий теңізіндегі флотқа қарасты 15 әскери кеме Қаратеңізге жолданғаны хабарланды.

1620549
Ресей Қаратеңізге 15 әскери кеме жолдады

Ресей 15 әскери кемесін орыс әскери күштерінің бақылауы аясында Қаратеңізге жолдады. 

Ресейдің Оңтүстік Әскери аймағының баспасөз мәлімдемесінде Каспий теңізіндегі флотқа қарасты 15 әскери кеме Қаратеңізге жолданғаны хабарланды.

Бұл кемелердің орыс әскери күштерінің бақылауы аясында жолданғаны білдірілді.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу 6 сәуірде орыс әскери күштерінің  соғысқа дайындығына байланысты сынақ бастағанын және елінің түрлі аймақтарында полигондық тактикалық  жаттығулар жасалатынын хабарлаған болатын.

Аталмыш әскери жаттығулар аясында сәуірде 4 мың 48 әскери жаттығу жасалғаны хабарланды. 



Ұқсас жаңалықтар